Avantgarde RM-C105TF көлік ағынының радарлық модулі жылдамдықты бақылау және көлік қозғалысын талдау үшін пайдаланылады. Ол MIMO технологиясымен (сигналды кеңістіктік кодтау әдісімен) жабдықталған, бұл бір мезгілде 110 метрге дейінгі қашықтықта 64-ке дейін көлік құралын анықтауға мүмкіндік береді. Құрылғы әрбір көлік құралының жылдамдығы, координаттары және басқа параметрлері туралы деректерді береді. Модуль кез келген ауа-райы жағдайында жұмыс істей алады. Радар Ethernet байланыс интерфейсімен жасақталған, бұл оны жарықтандыру контроллеріне тікелей қосуға мүмкіндік береді, осылайша жол қозғалысы қарқындылығына байланысты жарықшамдар тобын басқару және жарық деңгейін өзгерту мүмкіншілігін қамтамасыз етеді.