Avantgarde компаниясы, Schneider Electric Қазақстанмен бірлесіп, Altivar Process &ndash жиілік түрлендіргіштеріні пайдаланылуымен бұрамалы сорғыларды басқару станцияларын әзірлеу және өндіру бойынша жобаны ойдағыдай аяқтады, Schneider Electric тарапынан жоба канадалық KUDU Industries Inc компаниясы үшін әзірленген.
Бұл шешімге патент алынған
Авторлық құқық иесі - Avantgarde ЖБ ЖШС
Бұрамалы сорғыларды басқару станцияларын жасап шығару және жеткізу. Біздің компания “Schlumberger” әлемдегі ең ірі мұнай сервистік компаниясы құрамына кіретін канадалық KUDU Industries Inc. компаниясы үшін зияткерлік бұрамалы сорғыларды басқару станцияларын (БСАБС) жеткізу жобасын жүзеге асырды. БСАБС мұнай-газ саласында жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасының барлық талаптары мен нормативтік ережелеріне сәйкес жасалды. БСАБС мұнай өндіру үшін бұрамалы сорғының жұмыс режимдерін қашықтан бақылау және басқаруға арналған. Пайдаланылатын жабдық пен шешімдер күрделі климаттық жағдайлар, электрлік сипаттамалар, пайдалану қолайлылығы және қауіпсіздік сияқты пайдалану сипаттамаларына толығымен сәйкес келді. Өндіріс, зауыттық сынақтар және жабдықты жеткізу белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылды.