Avantgarde компаниясы Шығыс Қазақстан облысының - «Өскемен» және «Семей» қалаларында автоматтандырылған жарықтандыруды басқару жүйесін енгізу жобасын ойдағыдай аяқтады.
Бұл жоба 25000-нан астам жарықшам мен 500 жарықтандыруды басқару шкафтарын қамтыды.
Бұл шешім патенттелген
Авторлық құқық иесі - Avantgarde ЖБ ЖШС
Жобаға екі қаладағы бір диспетчерлік пунктінен жарықтандыруды басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берген «Phoenix» бағдарламалық жасақтамасының пайдаланылуымен Avantgarde зияткерлік жарықтандыруды басқару жүйесі енгізілді. Осы жобада қашықтан басқару мүмкіндігі бар диммирленетін жарық көздері орнатылған болатын. Топологияға байланысты, жарықтандыруды басқару жүйесі әртүрлі жұмыс сценарийлерін пайдаланады - кестеге сәйкес, астрономиялық күнтізбе бойынша шамдарды қосу және өшіру, сондай-ақ белгіленген кестеге сәйкес жекелеген шамдардың немесе топтардың жарықтылығын өзгерту. Сондай-ақ жүйе әрбір учаскеде тұтынылатын электр энергиясы туралы мәліметтерді алуға және АЭЖ-ге автоматты түрде ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Жарықтандыруды басқару жүйесінің негізгі ерекшілігі болып, мысалы жаңбыр, тұман және қалың бұлттылық сияқты сыртқы ауа райы жағдайларына байланысты жарықтықты өзгерту функциясы табылады. Заманауи “Phoenix” бағдарламалық жасақтамасының механизмдері жолдардағы қауіпсіздік деңгейін едәуір арттыра алады және электр энергиясының тұтынылуын азайта алады, бұл атмосфераға шығарындылардың төмендеуіне әкеледі. “Phoenix” бағдарламалық жасақтамасының тағы бір ерекшелігі - функционалды максималды параметрлерге дейін кеңейту мүмкіндігі.