Электр энергиясын басқару және тарату шкафтары

Электр энергиясын тарату шкафтары

2015 жылдан бастап Avantgarde компаниясы мұнай-газ және тау-кен өндіру өнеркәсібіне арналған электртехникалық жабдықты әзірлеу мен өндірумен айналысады. Өнімдер сұрыпталымына электр энергиясын тарату шкафтары, басқару панельдері (HVAC), тау-кен шахта жабдығын диагностикалау аппаратурасы, жарықтандыруды басқару жүйелері және деректерді беруге қатысты шешімдер кіреді.

Біздің тапсырыс берушілеріміз - Қазақстан Республикасында және одан тыс орналасқан ірі мұнай сервистік және тау-кен өндіру компаниялары. Тапсырысты алудан, құжаттаманы әзірлеуден, құрамдастарға тапсырыс беруден және жұмыстарды орындаудан бастап барлық кезеңдерде техникалық шешімдерді, құрамдастарды және техникалық сипаттамаларын таңдауды, құрылмалық шешімдерді келісу және бекіту рәсімдері орын алады. Осы міндеттердің шешімдері біліктілігі жоғары мамандардың штатта болуын, жқнге салынған құрамдастарды жеткізу үдерістерінің болуын, сондай-ақ, сапа және қауіпсіздік стандарттарына сай келетін, жоғары сапалы арнайы құралдар мен жабдықтың пайдаланылуын болжайды. Біздің қызметкерлеріміз үнемі оқытылып, біліктіліктерін арттырып тұрады, бұл өндірістік циклдің әр кезеңінде ең жоғары сапа деңгейін қамтамасыз етеді. Өнімдерімізді өндірген кезде біз Schneider Electric, MOXA, Phoenix Contact, Teltonika, DKS және басқа да белгілі өндірушілердің үздік құрамдастарын пайдаланамыз.

Орындалған жобалар

Барлық жобалар
Шэньчжэньдегі автожолдарды жарықтандыруды басқару жүйесі (ҚХР)
«Авангард» компаниясы Шэньчжэнь қаласындағы айналма жолды жарықтандыруды автоматтандыру жобасын аяқтады.
Бұрамалы сорғыларды басқару станцияларын әзірлеу
Avantgarde компаниясы "Schneider Electric" компаниясымен бірге бұрамалы сорғыларды басқару станцияларын әзірлеу және өндіру жобасын аяқтады.
Электрмен жабдықтау жүйесін әзірлеу және енгізу
Avantgarde компаниясы NCOC N.V. зауытындағы дизель-генератор станцияларын жаңғырту жобасын табысты жүзеге асырды.
ШҚО-дағы жарықтандыруды автоматтандыру жобасы
Avantgarde компаниясы Шығыс Қазақстан облысының Өскемен және Семей қалаларында көшелерді жарықтандыруды басқару жүйелерін автоматтандыру жобасын ойдағыдай жүзеге асырды.
Технологиялық модульдік құрылымдарды әзірлеу және өндіру
Avantgarde компаниясы "Atlas Copco" дизель-генераторларына арналған технологиялық модульдерді жасап шығару жобасын ойдағыдай аяқтады.