Бұрамалы сорғыларды автоматты түрде басқару станциясы (БСАБС) сумен жабдықтау, су тарту, мұнай саласы, жерді мелиорациялау және суландыру, өндірістік үдерістер және т.б. сияқты әртүрлі техникалық жүйелерде бұрамалы сорғылардың жұмысын автоматтандыруға арналған жиынтықты құрылғы болып табылады.
Avantgarde компаниясы Schneider Electric компаниясы ұсынатын Altivar жиіліктік түрлендіргіші негізінде тапсырыс берушінің талаптары бойынша автоматты басқару станцияларын (БСАБС) жобалайды және жасап шығарады.
Мониторинг және бақылау жүйелері: БСАБС әдетте қысым, ағын, температура, сұйықтық деңгейі секілді параметрлерді үздіксіз бақылап тұратын әртүрлі сезбектер мен детекторлармен жасақталған.
Басқару алгоритмдері: БСАБС сезбектерден түскен деректерді талдау және бұрамалы сорғыларды басқару бойынша шешімдерді қабылдау үшін мамандандырылған алгоритмдерді пайдаланады. Бұл алгоритмдерге айналу жылдамдығын реттеу, сорғыларды қосу/өшіру, жұмыс параметрлерін түзету және т.б. кіреді.
Интерфейстер және коммуникациялар: БСАБС автоматтандырудың басқа жүйелерімен байланыс интерфейсімен, сондай-ақ желі арқылы қашықтықтан бақылау мен басқару мүмкіндігімен жасақталған.
Диагностика және ескертулер: БСАБС сорғылардың күйін автоматты түрде диагностикалайды, және ықтимал мәселелер немесе ақаулықтар туралы ескертеді.
Бейімделімді функциялары: БСАБС өзгеріп тұрған жұмыс жағдайларына бейімделуге мүмкіндік беріп, тиімділік пен энергия тұтынуды оңтайландыруға септігін тигізеді.
Коммуникация | GSM Ethernet |
Қызмет мерзімі | 25 жыл |
Жұмыс кернеуі | 3Р 380V |
Қуаты | Сауал бойынша |
Жиілігі | 50-60 Гц |
Қорғаныс дәрежесі | IP55 |
Жұмыс температурасы | -40°C +60°C |
Өлшемдері | Жобаға сәйкес |
Кепілдік | 18 ай |