“Phoenix” жарықтандыруды басқарудың зияткерлік жүйесі

Қарқынды технологиялық прогресс пен урбандану дәуірінде қалалық инфрақұрылымды тиімді басқару қажеттілігі барған сайын өзекті болуда. Маңызды аспектілердің бірі болып жарықтандыруды басқару және бақылау жүйесі табылады. Мұндай жүйелер тиімділік пен қауіпсіздікті арттыру құралы болып қана қоймайды, сонымен қатар заманауи қалалардың тұрақты дамуы жолындағы маңызды қадам болып табылады. Avantgarde компаниясының Phoenix жарықтандыруды басқарудың зияткерлік жүйесі қазіргі жүйелердің барлық артықшылықтарына ие, және кейбір аспектілерде біздің жаңартпашыл шешімдеріміз әлемдік деңгейде бірегей болып табылады.

Avantgarde компаниясының “Phoenix” зияткерлік жарықтандыру жүйесінің негізгі артықшылықтары.

Цифрландыру

Цифрландыру

Жарықтандыру жүйесін цифрландыру – бұл цифрлық технологияларды қала инфрақұрылымын басқару саласына енгізу үдерісі. Цифрландыру тиімді басқарудың жаңа деңгейіне өтуге мүмкіндік береді.
Энергиялық тиімділік

Энергиялық тиімділік

Зияткерлік жүйелерді енгізудің артықшылықтарының бірі - олардың бейімді басқаруылу қабілеттілігі. Бұл, жарықтандыру жүйесін дәл баптау мүмкіндігі есебінен жүзеге асырылады және электр энергиясын үнемдеуге себептеседі.
Қауіпсіздікті арттыру

Қауіпсіздікті арттыру

Жақсы жарықтандырылған қала инфрақұрылымы тек жайлы және тартымды атмосфераны жасап қана қоймай, сонымен қатар жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және қылмыстылық деңгейін төмендетуге себептеседі.
Тех. қызмет көрсету шығындарын азайту

Тех. қызмет көрсету шығындарын азайту

Жарықтандыруды басқару жүйесі техникалық қызмет көрсету шығыстарын азайтуға жәрдемдеседі. Деректерді жинау және талдау функциясы техникалық қызмет көрсету мерзімдерін және оны орындау қажеттіліктерін тиімді анықтауға мүмкіндік береді.

“Phoenix” жарықтандыруды басқарудың зияткерлік жүйесі

Көше жарығының автоматтандырылуы тек технологиялық жаңалық болып қоймай, сонымен қатар тұрақты, энергиялық тиімді және қауіпсіз қала ортасын құру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Жаңғыртуға және тұрғындарының өмір сапасын арттыруға ұмтылатын дамып келе жатқан қалалар мұндай жүйелерге инвестицияны өздерінің урбанистік даму стратегиясындағы басым бағыт ретінде қарастыруы тиіс.

Avantgarde компаниясы ұсынатын “Phoenix” жарықтандыруды басқарудың зияткерлік жүйесінің негізгі конструктивтері

Диспетчерлік бөлме

Диспетчерлік бөлме

Басқару және мониторинг орталығы - бұл жабдықтан ақпарат жинайтын, бүкіл жүйенің жұмысын үйлестіретін, бақылайтын және талдайтын жарықтандыру жүйесін басқарудың мамандандырылған торабы.
Деректерді сақтау және өңдеу серверлері

Деректерді сақтау және өңдеу серверлері

Деректерді өңдеу және сақтау серверлері бүкіл жүйенің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ете тұра, заманауи зияткерлік жарықтандыру жүйелеріндегі қауіпсіздік пен басқару жүйесінде маңызды рөл атқарады.
СЖБШ – Сыртқы жарықтандыруды басқару шкафы

СЖБШ – Сыртқы жарықтандыруды басқару шкафы

Басқару шкафтары жарықтандыруды басқару жүйесіндегі негізгі элементтердің бірі болып табылады, олардың құрамына электр энергиясын есепке алу, басқару және тарату үшін қажетті барлық жабдық кіреді.
Зияткерлік LED жарықшамдары

Зияткерлік LED жарықшамдары

Зияткерлік LED жарықшамдары - 0-ден 100%-ға дейін диммирлеу және түр-түстік температураны 2700-ден 6000 кельвинге дейін өзгерте алатын мүмкіндігімен жарықтандыру аспаптары саласындағы озық шешім.

Жарықтандыруды басқарудың зияткерлік жүйесі ...-дан немен ерекшеленеді?

Жарықтандыру жүйелерінің көптеген жеткізушілерінің ескірген шамдарды жарықдиодты шамдарға ауыстырудан тұратын қарапайым шешім ұсынатынын атап өткен жөн. Бұл клиенттерді олардың жүйесі енді заманауи және зияткерлік деген оймен жаңылыстыруы мүмкін. Алайда, ескі жүйелерді шын мәнінде жаңғырту жобалаудың, талдауды және есептеулерді жүргізудің кешенді тәсілін талап етеді. Болашақ жарықтандырудың зияткерлік жүйесі, ең кемінде, келесі функцияларды қамтуы тиіс:

Заманауи жарықтандыруды басқару жүйесі қамтуы тиіс минималды функциялар

Жүйенің оператордың қатысуынсыз автоматты жұмысы
Жүйенің кесте бойынша автоматты жұмысы
Жүйенің астрономиялық күнтізбе бойынша жұмысы
Жарықтандырудың жарықтығын өзгерту (күңгірттеу)
Жүйенің OFFLINE режимінде автономды жұмысы
Көптілді веб-интерфейс
Автоматты ажыратқыштардың күйін бақылау
Барлық құрылғыларды картада көрсету
Техникалық қолдау
Жұмыс істемейтін жарықшамдар туралы хабарландыру
Маңызды оқиғалар туралы электрондық пошта арқылы хабардар ету
Қолданыстағы жүйелермен бірігу
Энергияны тұтыну туралы деректерін қашықтан жинау
Икемді есеп беру жүйесі
Өндірушінің 247 қолдауы
Электр энергиясын 80%-ға дейін үнемдеу

Негізгі функционалдан басқа, «Феникс» жарықтандыруды басқару жүйесі келесі мүмкіндіктерді қамтиды:

Жарықтандыруды ауа-райы жағдайларына байланысты өзгерту
Бүкіл жүйенің жұмыс алгоритмдерін қашықтан өзгерту
Фазаларды автоматты бақылау
СЖБШ ішіндегі климат-бақылау
Қозғалыс сезбектерімен өзара әрекеттесу
Резервтік қоректендіру СЖБШ-пен 4 сағатқа дейін байланысты қамтамасыз етеді
Гибридті байланыс және деректерді табыстау жүйесі
Жүйені интерактивті басқару
Жарықтандырудың түр-түстік температурасын өзгерту
Жүйені әлемнің кез келген нүктесінен бақылау
СЖБШ-ты ашқан кезде хабардар ету
Бағдарламаға әлемнің кез келген нүктесінен қол жеткізу
Желіге заңсыз қосылған кезде құлақтандыру
Шырағдан күйін қашықтан сұрау
Маңызды оқиғалар туралы жауапты тұлғаларды SMS-пен хабарландыру
Жабдыққа берілетін кепілдікті 10 жылға дейін ұзарту

“Phoenix” зияткерлік жарықтандыру жүйесінің жұмыс істеу алгоритмдері

"Phoenix" жарықтандыруды басқарудың зияткерлік жүйесін әзірлеу кезінде жарықтандыруды икемді баптау мүмкіндігі жүзеге асырылды, бұл жеке кестелер мен басқару сценарийлерін қоса алғанда, шырағдандарды топтарға біріктіруге және оларды әртүрлі параметрлер бойынша баптауға мүмкіндік береді. Жүйені әзірлеу көп жылдық тәжірибе мен енгізу тәжірибесіне негізделді, ал бұл қаланы заманауи, сандық және өмір сүруге жайлы кеңістікке айналдыруға қабілетті кешен құруға мүмкіндік берді. Жүйе функционалын үздіксіз жетілдіру қызмет көрсетуші қызметкерлер құрамының, диспетчерлердің және басқа да қосалқы қызметтердің жұмысы үшін оңтайлы жағдай жасауға кепілдік береді.

Сыртқы Жарықтандыруды Басқару Шкафы - Avantgarde-PRO MAX

 

Заманауи зияткерлік жарықтандыру инфрақұрылымында басқару шкафтары негізгі элемент болып табылады. Олар жабдықты есепке алу, басқару, бақылау және қорғау үшін барлық қажетті жабдықты қамтиды. Басқару шкафтарының дәл өздері алдын ала белгіленген кестелер мен оқиғаларға сәйкес шырағдандарды уақытылы қосуды, өшіруді және күңгірттеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ деректерді бақылап, оларды өңдеу және талдау үшін диспетчерлік орталыққа жіберіп тұрады.

Әрбір басқару шкафы бір уақытта 10-нан астам әртүрлі топқа біріктірілуі мүмкін екі жүзден астам шырағданның жұмысын басқара алады. Бұл топтардың әрқайсысының жеке кестесі және белгілі бір жарықтық деңгейі белгіленуі мүмкін. Сонымен қатар, ақаулықтар мен қателерді анықтау үшін оған қосылған барлық шырағдандардың күйі бақыланып тұрады.

Сыртқы Жарықтандыруды Басқару Шкафында қамтылған негізгі функциялар - Avantgarde-PRO MAX

Барлық құрылғыларды картада көрсету
Жүйенің OFFLINE режимінде автономды жұмысы
Резервтік қоректендіру СЖБШ-пен 4 сағатқа дейін байланысты қамтамасыз етеді
Фазаларды автоматты бақылау
Энергияны тұтыну туралы деректерді қашықтан жинау
СЖБШ ішіндегі климат-бақылау
Гибридті байланыс және деректерді табыстау жүйесі
Көптілді веб-интерфейс
Қозғалыс сезбектерімен өзара әрекеттесу
Жүйенің кесте бойынша автоматты жұмысы

Жарықдиодтар: Энергиялық тиімділік пен Қалалық Жарықтандырудағы Басқару

Зияткерлік жарықтандыру жүйелерінде негізгі құрауыш болып жарықтылықты басқару және реттеу мүмкіндігі бар жарықдиодты шамдар табылады. Шамдардың бұл түрлері жоғары энергия тиімділігін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге жарықтылық деңгейін әртүрлі қажеттіліктер мен жағдайларға бейімдеуге мүмкіндік беретін жарықтандыруды басқарудың икемділігін ұсынады, және осылайша жайлырақ және қауіпсіздірек қалалық ортаны құруға жәрдемдеседі.

Күңгірттеу және жарықтандырудың түр-түстік температурасын 2700K-ден 6000K-қа дейін өзгерту функциясы бар жарықдиодты шам!
Күңгірттеу және жарықтандырудың түр-түстік температурасын 2700K-ден 6000K-қа дейін өзгерту функциясы бар жарықдиодты шам!
Күңгірттеу функциясы бар жарықдиодты шам. Бұл функция қуат блогында күңгірттеу портының болуымен анықталады!
Күңгірттеу функциясы бар жарықдиодты шам. Бұл функция қуат блогында күңгірттеу портының болуымен анықталады!
NEMA. ағытпасы бар күңгірттеу функциялы жарықдиодты шам шырағданның ішінде кеңістік шектеулі болған кезде пайдаланылады.
NEMA. ағытпасы бар күңгірттеу функциялы жарықдиодты шам шырағданның ішінде кеңістік шектеулі болған кезде пайдаланылады.

Маңызды

Жарықдиодты шамның күңгірттеу мүмкіндігі қуат блогында арнайы порттың ((0 -10 VDC) болуына байланысты болады. Дегенмен, тіпті егер қуат блогы қажетті портпен жабдықталған болса да, күңгірттеу функциясын жүзеге асыру үшін қосымша күңгірттеу бағалаушысын орнату қажет болады.

Жарықтандыруды Басқару Жүйелеріне PLC-ні және LoRa-ны интеграциялау

Жарықтандыруды басқарудың зияткерлік жүйелерінде Power Line Communication (PLC) және LoRa сияқты заманауи технологияларды пайдалану олардың мүмкіндіктері мен топологиядағы икемділігін айтарлықтай кеңейтеді. Бұл жүйе әртүрлі қалалық жағдайларға оңай масштабтала алатын және бейімделетін тиімділігі жоғары, сенімді және бейімделгіш жүйені құруға мүмкіндік береді. PLC технологиялары электр желілері әлдеқашан тартылған қала жағдайларында тиімді біріктіріліп жұмыс істейді, және кабель көтергіш жүйелерді жаңартуды немесе қосымша ақпараттық кабельдерді тартуды қажет етпейді.

Ауа-райы өзгерген кезде (жаңбыр, тұман, қар және т.б.) жарықтандыру температурасын автоматты түрде 2700K-ден 6000K-ға дейін өзгерту

 

Көлік құралдары қозғалысының бар-жоқтығына байланысты жарық деңгейін автоматты түрде өзгерту.

 

Басқару және мониторинг орталығы – Бағдарламалық-аппараттық кешен!

Мониторинг орталығы немесе диспетчерлік бөлме өнеркәсіптік серверлер мен коммутациялық жабдықты қамтитын күрделі бағдарламалық-аппараттық кешен болып табылатын жарықтандыруды басқарудың зияткерлік жүйесінің негізгі буыны ретінде қызмет етеді. Phoenix бағдарламалық жасақтамасы барлық жүйе құрауыштарының бір-бірімен үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ете отыра, жарықтандыруды басқарудың зияткерлік жүйесінің орталық элементі болып табылады. Ол үш мыңнан астам басқару шкафын және миллионнан астам шырағданды қолдайтын жүйені икемді басқаруға және баптауға мүмкіндік береді. Жүйедегі үдерістердің көпшілігі автоматты түрде жүзеге асырылады, бұл ретте операторлар бақылаушы ретінде әрекет етіп, тек сыни жағдаяттарда немесе басқару алгоритмдерін өзгерту үшін араласады. Электр энергиясын тұтыну кестелерін құру түріндегі икемді есептілік жүйесі техникалық мамандар мен қалалық қызметтердің жарықтандыру жүйесін жарамды жағдайда ұстап тұру үшін жылдам жауап қайтаруын қамтамасыз етеді.

“Phoenix” жарықтандыруды басқаруға арналған бағдарламалық жасақтамада қамтылған негізгі функциялар

Көптілді веб-интерфейс
Бүкіл жүйенің жұмыс алгоритмдерін қашықтан өзгерту
Қолданыстағы жүйелермен бірігу
Жүйені әлемнің кез келген нүктесінен бақылау
Өндірушінің 247 қолдауы
Икемді есеп беру жүйесі
Жүйені интерактивті басқару
Барлық құрылғыларды картада көрсету
Маңызды оқиғалар туралы жауапты тұлғаларды SMS-пен хабарландыру
Бағдарламаға әлемнің кез келген нүктесінен қол жеткізу

“PHOENIX” ЖАРЫҚТАНДЫРУДЫ ЗИЯТКЕРЛІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Үдерісшіл Технологиялар:

Үдерісшіл Технологиялар:

Айырықша ерекшелігі болып жүйенің қоршаған ортадағы өзгерістерге динамикалық тұрғыдан жауап қайтару қабілет табылады, бұл күннің уақытына немесе ауа-райы жағдайына байланысты түр-түстік температура мен жарық қарқындылығының өзгеруі.
70%-ға дейін электр энергиясын үнемдеу

70%-ға дейін электр энергиясын үнемдеу

“Phoenix” артықшылықтарының бірі - тиімді жарықдиодты шырағдандарды және жарықтандыруды зияткерлік басқаруды біріктіріп пайдалану арқасында электр энергиясын тұтынудың айтарлықтай төмендеуі.
Экологиялық Артықшылықтары

Экологиялық Артықшылықтары

“Phoenix” жарықтандыруды зияткерлік басқару жүйесі қоршаған ортаға экологиялық әсерді азайтуға, жылу мен көміртегі шығарындыларын және жарықпен ластануды азайтуға көмектеседі.
Көптілді WEB интерфейсі

Көптілді WEB интерфейсі

Көптілді WEB интерфейсі жүйені интуитивтік тұрғыдан түсінікті және пайдаланушылардың кең ауқымы үшін ыңғайлы ете отырып, қызметкерлер құрамының тиімдірек жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Қолжетімді: Қазақ, Орыс, Ағылшын; Араб

Толық ақпаратты, сондай-ақ жүйенің жұмысы туралы көрнекі шолу үшін сіздер біздің Қазақстандағы Алматыдағы немесе БАӘ-де Абу-Дабидегі кеңсемізге келе аласыздар. Біздің компаниямыздың мамандары сіздерді барлық функциялармен таныстыруға және жүйе жұмысының барлық мүмкіндіктерін көрсетуге қуанышты болады.