Таулы аймақтағы (Шэньчжэнь қ., ҚХР) ұзындығы 92 км құрайтын, туннельдері, көпірлері бар алты жолақты, бірінші санатты айналма автомагистралі.
Автомагистральдің бүкіл ұзындығы бойынша жарықтандыруды басқаруды қамтамасыз ету. Диммирленетін жарық көздерін және көлік құралын анықтайтын детекторларды орнату. Басқару жүйесі кесте бойынша да, астрономиялық күнтізбеге сәйкес те шамдардың іске қосылудың және өшірілудің түрлі нұсқаларын, сондай-ақ, белгіленген кестеге байланысты жеке шамдардың немесе шамдар тобының қосылудың, өшірілудің және жарықтығын өзгертілуінің сценарийлерін ескеруі тиіс. Сондай-ақ, жүйе жаңбыр, қар, тұман және қалың бұлттылық сияқты сыртқы ауа-райы жағдайларына байланысты жарықтандыруды өзгерту функцияларына ие болуы тиіс. Жарықтандыруды басқару жүйесін автомагистральды басқарудың жалпы платформасымен біріктірілуін қамтамасыз ету.
Оның арқасында жолдағы апаттылықты төмендетілетін, қызмет көрсету жұмыстары оңтайландырылатын, электр қуатының тұтынуы мен эмиссиялық шығарындылардың көлемі азаятын зияткерлік жарықтандыруды басқару жүйесі енгізілді. Зияткерлік жүйемен басқарылатын диммирленетін жарық көздері табиғи жарыққа жақын жарықтықты қамтамасыз етеді. Осы жүйеде пайдаланылатын көлік құралын анықтайтын детекторлар көлік ағынының қарқындылығына қарай жарықтың деңгейін оңтайландыруға көмектеседі. Сонымен қатар, жүйе шамдарды басқару, электр энергиясын тұтыну, көлік ағынын бақылау және сараптамалық талдау модульдерін біріктіреді.