Уақытпен қатар жүрмеу

Бір кездері "күндіздей жарық" деген сөз жұмбақтай көрінетін, ал қазір бұл ірі қаладағы жайлы өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Бүгінгі күні қараңғы түскеннен кейін өмірі тоқтап қалатын жерлерді кездестіру оңайға соқпайды. Біз жарықтандырылған көшелер мен жолдарға, саябақтар мен бақтарға, қоғамдық аумақтар мен ойын-сауық орталықтарына үйреніп қалдық. Жарқын жарық бізге күнделікті іс-әрекетімізді жалғастыруға және өздерімізді қауіпсіз сезінуге мүмкіндік береді. Жұмыс істемейтін кез келген көше шамы қауіп көзі болып қалып, тұрғындардың қала билігіне деген наразылығының нысанына айналады. Көше жарығының мәселелері шын мәнінде орын алуда және олар көрінгеннен күрделірек. Заманауи қала үшін жарықтандыруға жұмсалатын шығыстар жалпы энергия тұтыну көлемінің 40%-дан астамын құрайды, бұл маңызды шығыс бабы болып табылады. Бұл шығындар қалалардың көлемі артқан сайын шексіз өсе алмайды, сондықтан үнемдеудің қажеттілігі қазірден айқын бола бастайды. Жарықтандырудан мүлдем бас тарту мүмкін емес, бірақ шығындарды жаңа технологияларды пайдалана отырып азайтуға болады. Заманауи зияткерлік жарықтандыру жүйелері дүние жүзінің көптеген қалаларында әлдеқашан сәтті қолданылып, өздерінің үнемділігі мен экологиялық қауіпсіздігін дәлелдеді.

Дәстүрлі жарықтандыру жүйесінің айқын кемшіліктері бар.

Ескірген жүйелердің бірінші және негізгі мәселесі болып жүйені басқарудың тиімсіздігі табылады - жабдықтан кері байланыстың жоқтығы, жұмыс пен электр энергиясын тұтынудың статистикалық мәліметтерін жүргізу мүмкінсіздігі, сондай-ақ тәуліктің әртүрлі уақытында ағымдағы жағдайлар мен жарықтандырудың өзгермелі қажеттіліктеріне бейімделу қабілетсіздігі. Шамдар бірдей қуатпен жұмыс істейді, оларды қосу мен сөндіру таңның атуы мен батуы уақытын ескерместен бір уақытта жүргізіледі, ал жарықшамдардың жұмыс кестесінің маусымдық өзгерісі тек жергілікті тәсілмен іске асырыла алады. Мұндай жүйеге қызмет көрсету үшін қалаға орналасқан жерлерді аралау арқылы көзбен тексеру жүргізіп, істен шыққан жабдықты анықтайтын мамандар штаты қажет. Мұндай қызмет көрсету тәсілінде адам факторын пайдалану жүйенің жұмысының біркелкі еместігіне әкеледі - кейбір аудандарда жарықтандыру дұрыс жұмыс істесе, басқаларында істен шыққан шамдар бірнеше ай бойы назардан тыс қалып қояды.

Бұл мәселелерді жарықтандыруды басқарудың зияткерлік жүйесі шешеді.

Мұндай жүйелердің негізгі ерекшелігі - зияткерлік технологияларды пайдаланудағы кешенді көзқарас. Бұл озық бақылағыштармен жабдықталған заманауи жарықдиодты шырағдандарды, сондай-ақ қолданыстағы электр желілерін қосымша елеулі шығындарсыз жаңғыртуға мүмкіндік беретін PLC (Power Line Communication) және LoRa (Long Range) сияқты деректерді табыстау жүйелерін қамтиды. Бұл технологиялар жетілдірілген, анағұрлым тиімдірек және үнемдірек көше жарығы жүйесін құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Олар энергия тұтынуды айтарлықтай азайтып қоймай, сонымен бірге ағымдағы жағдайлар мен қажеттіліктерге сәйкес жарықтандыруды икемді басқаруға мүмкіндік береді. Жүйені бақылау техникалық мамандар мен қалалық қызметтерге кез келген ақаулықтарға немесе өзгерістерге жылдам жауап қайтаруға мүмкіндік бере отыра, оның тиімді жұмысын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл бос тұру уақытын барынша азайтып және қаладағы жалпы қауіпсіздік пен жайлылықты жақсарта отырып, жарықтандыру жүйесінің ақаусыз және жұмыс күйінде ұсталатынына кепілдік береді. Үздіксіз бақылау мен жылдам қызмет көрсету арқасында қала ресурстарды тиімді басқара, шығындарды қысқарта және қала инфрақұрылымының сапасын жақсарта алады

Жарықтандырудың зияткерлік басқару жүйелерін енгізудегі әлемдік тәжірибе.

Норвегиядағы Осло қаласының мысалы мемлекеттік қаржыландыру мен субсидиялық бағдарламаларының жарықтандырудың зияткерлік жүйелерін енгізуге қалай ықпал ете алатынын керемет көрсетеді. Қаланың жарықтандыру жүйесінің толық жаңартылуы, соның ішіне 550 мың бар шамдарына арнайы басқарушылардың орнатылуы және олардың біртұтас ақпараттық құрылымға біріктірілуі, осындай көзқарастың жоғары тиімділігін дәлелдейді. Бар электрберіліс желілері арқылы деректерді беру үшін PLC технологиясын пайдалану жаңа кабельдерді тартудың қажеттілігінен арылуға мүмкіндік берді. Ауа райы жағдайы мен көлік ағынының қарқындылығына байланысты жарық деңгейін автоматты түрде реттейтін бейімделгіш басқару жүйесі энергияны пайдалануды оңтайландыруға әкеледі. Нәтижесінде, электр қуатының елеулі үнемдеуіне қол жеткізіліп (алғашқы жылы 60% -дан астам), бірнеше миллион еуроға техникалық қызмет көрсету шығындары азайды. Басқа еуропалық елдерде жүзеге асырылған ұқсас жобалар тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ CO2 шығарындыларын азайтуда экологиялық аспектіде де әсерлі нәтижелер көрсетеді. Бұдан басқа, қоғамдық қауіпсіздікті жақсарту, жол-көлік оқиғалары мен апаттардың санын азайту, туристік тартымдылықты арттыру және қалалардың сыртқы көрінісін жалпы жақсарту осындай жүйелердің қосымша артықшылықтарына ерекше назар аударады.

Қытайдың зияткерлік жарықтандыру жүйелерін енгізудегі жаңартпашыл көзқарасы шын мәнінде қалалық инфрақұрылымды басқарудағы маңызды деңгейде өзгерістерді білдіреді. Қозғалыс сезбектерін диммирлену функциясы бар жарықшамдармен бірлесіп пайдалану электр энергиясын тұтыну көлемін 70%-дан аса төмендетуге мүмкіндік береді. Көлік болмаған жағдайда жүйе автоматты түрде жарық жарықтығын ең төменгі қауіпсіз деңгейге дейін төмендетеді. Бұл шешім көпірлер, туннельдер сияқты жабық көлік жүйелерінде және қозғалыстың болуы немесе болмауына қарай жарықтандыру деңгейін реттеуге болатын жолдардың белгілі бөліктерінде қолдануға болады.

Зияткерлік жарықтандыру жүйелерін қолдануының өсуі әлемнің, соның ішінде Еуропаның, Азия мен Американың көптеген елдерінде көрініс тапқан. Бұл тек электр энергиясын үнемдеу жалпы бағыттарымен ғана емес, сонымен қатар жарықтандыру жүйелерінің толық және ішінара жаңартылуын субсидиялау және қаржыландыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды белсенді қатысуымен шартталған. Мұндай бағдарламалар қалалық инфрақұрылымды одан әрі экологиялық таза, қауіпсіз және экономикалық тиімді ете отыра, оны жаңартудағы маңызды рөл атқарады .

Қазақстандағы зияткерлік жарықтандыру жүйелерін енгізудегі қиыншылықтар

Алматы қаласының муниципалдық билік органдары көше жарығы жүйесін жаңарту мәселесінде тап болатын қиыншылық ескірген инфрақұрылымды жаңарту міндетімен соқтығысқан көптеген Қазақстан қалаларына тән. Біздің жағдайымызда, "Алматы Қала Жарық" МКК мамандары атап өткендей, жүйені түбегейлі жаңғырту үшін 20 миллиард теңгеден астам қаржылық инвестиция қажет.

Негізгі мәселелердің бірі - біз бұрын айтқанымыздай, ескірген және көп жағдайда толық алмастыруды қажет ететін бар электр желілерінің жағдайы. Бұл бар электр желілері жарықтандыру жүйесін жаңарту үшін пайдаланылуы мүмкін болған Еуропа елдеріндегі жағдайдан ерекшеленеді. Алматыда 50 жылдан астам уақыт бұрын тартылған қалалық жарықтандыру инфрақұрылымы сыни жағдаятында және толық алмастырусыз заманауи технологиялармен тиімді біріктіріле алмайды. Екінші және ең үлкен проблема - зияткерлік жарықтандыру жүйесін әзірлеу және енгізу бойынша мамандандырылған компанияны таңдау мүмкіндігінің жоқтығы. Көбінесе бұл қызметті жарықдиодты жабдық жеткізушілеріне, немесе одан да нашары, тек электр кабельдерін ауыстыру мен тартуға және тіректерді орнатуға маманданатын құрылыс компанияларына жүктейді. Мұндай көзқарас жүйенің сапасына және жалпы нәтижеге елеулі әсерін тигізуі мүмкін. Жедел пайдаға ұмтылуда олар бұл уәделерді орындау туралы ешқандай түсінігі болмай, тапсырыс берушіге кез келген нәрсені уәде етуге дайын. Жарықдиодты жабдық өндірушілері жүйені автоматтандыру жөніндегі біліктіліктеріне ие болмай, тек өз жабдығын сату мақсатында қалалық жарықтандыруды автоматтандыру жобаларына қатысқан жағдайларды жоққа шығару болмайды. Мұндай жобалардың нәтижелері әдетте айқын болатын. Бұл дәл жарықтандыруды автоматтандыру саласына маманданатын құзыретті компаниялардың болу маңыздылығына ерекше назар аудартады. Тіпті ірі жарықдиодты жабдық өндірушілері көбінесе осындай мамандарды жүйені табысты біріктіру және автоматтандыруды қамтамасыз ету мақсатында өз жобаларын жүзеге асыру үшін тартады .

Осы кедергілерге қарамастан, жаңғырту болшағы маңызды болып көрінеді, өйткені ол экономикалық тұрғыдан неғұрлым тиімді, сенімді және ұзаққа жарамды шешімдерге өту мүмкіндігін ұсынады. Заманауи зияткерлік жарықтандыру жүйелеріне инвестициялау электр энергиясын үнемдеу жағынан да, сондай-ақ қаланың инфрақұрылымын жақсарту тұрғысынан да ұзақ мерзімді пайда әкелуі мүмкін.

Соңғы мақалалар

30.09.2021
Қазақстандағы қалалық жарықтандыру жүйелерін жаңғырту – неге бұл ешқашан орын алмайды
Авангард ЖБ командасы Қазақстандағы зияткерлік жарықтандыру жүйелері туралы тағы бір шолу дайындады.