Шэньчжэньдегі автожолдарды жарықтандыруды басқару жүйесі (ҚХР)

Шэньчжэндегі жарықтандыруды автоматтандыру жобасы

Avantgarde компаниясы Шэньчжэнь қаласындағы айналма автожолында жарықтандыруды автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу жобасын ойдағыдай аяқтады.

Бірінші және екінші кезеңде 92 км-ден астам қашықтықты қамтитын бұл жобаға алты жолақты бірінші санатты автомагистраль мен жалпы ұзындығы 8 км құрайтын туннельдер кіреді.

Бұл шешім патенттелген
Құқық иесі - Avantgarde ЖБ ЖШС

Жобаға автомагистральдің бүкіл ұзындығы бойы жарықтандыруды басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берген «Phoenix» бағдарламалық жасақтамасының пайдаланылуымен Avantgarde зияткерлік жарықтандыруды басқару жүйесі енгізілді. Осы жобада диммирлеу мүмкіндігі бар жарық көздері мен көлік құралдарын анықтайтын детекторлар орнатылған болатын. Автомагистральдың топологиясына байланысты, жарықтандыруды басқару жүйесі әртүрлі жұмыс сценарийлерін пайдаланады - кестеге сәйкес, астрономиялық күнтізбе бойынша шамдарды қосу және өшіру, сондай-ақ белгіленген кестеге сәйкес жекелеген шамдардың немесе топтардың жарықтылығын өзгерту.

Жобалық шешімде келесі құрамдастар мен технологиялар пайдаланылды:

Жылдамдық пен көлік ағынын бақылау сезбектері

Жылдамдық пен көлік ағынын бақылау сезбектері

Жылдамдық пен көлік ағынын бақылау сезбектерімен жабдықталған жарықтандыру жүйесі алынған деректерді талдай және орнатылған баптауларға сәйкес жолдардағы жарықтандыру деңгейін бейімді түрде өзгерте алады.
Көше жарығының контроллерлері

Көше жарығының контроллерлері

Жарықтандыру контроллерімен жасақталған жарықдиодты шамдар белгілі бір сценарийлерді ұстана тұра, алдын-ала белгіленген кестеге сәйкес те, сондай-ақ қозғалыс сезбектерінен де жарық қарқындылығын өзгертуге қабілетті.
Қозғалыс сезбектері

Қозғалыс сезбектері

Қозғалыс сезбектері жүйенің баптауларына сәйкес жарықтандыру деңгейін автоматты түрде реттеп тұрып, туннельдер мен жабық көше жүйелері үшін оңтайлы шешім болып табылады.
Жарықтандыруды басқару шкафтары

Жарықтандыруды басқару шкафтары

Басқару шкафтары жарықшамдардың алдын ала белгіленген кестелер мен сценарийлерге сәйкес уақытында қосылуын, өшірілуін және диммирленуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ деректерді бақылап, өңдеу және талдау үшін диспетчерлік орталыққа жібереді.

Жарықтықты автоматты түрде реттеу

Жарықтандыруды басқару жүйесінің шешуші сәті болып, мысалы жаңбыр, тұман және қалың бұлттылық сияқты сыртқы ауа райы жағдайларына байланысты жарықтықты өзгерту функциясы танылды. Сондай-ақ, жарықтандыруды басқару жүйесін автомагистральды басқару жалпы платформасымен және көлік қозғалысын бақылаумен біріктіру қамтамасыз етілді, нәтижесінде апаттылық деңгейі, электр энергиясының шығысы азайды, демек, эмиссиялық шығарындылар мөлшері төмендеді. Енгізілгеннен кейін, жүйе электр энергиясының 60%-ға үнемдеуін көрсетті, ал қызмет көрсету және жауап қайтару тиімділігі бірнеше есе артты.

Орындалған жобалар

Барлық жобалар
Бұрамалы сорғыларды басқару станцияларын әзірлеу
Avantgarde компаниясы "Schneider Electric" компаниясымен бірге бұрамалы сорғыларды басқару станцияларын әзірлеу және өндіру жобасын аяқтады.
Электрмен жабдықтау жүйесін әзірлеу және енгізу
Avantgarde компаниясы NCOC N.V. зауытындағы дизель-генератор станцияларын жаңғырту жобасын табысты жүзеге асырды.
ШҚО-дағы жарықтандыруды автоматтандыру жобасы
Avantgarde компаниясы Шығыс Қазақстан облысының Өскемен және Семей қалаларында көшелерді жарықтандыруды басқару жүйелерін автоматтандыру жобасын ойдағыдай жүзеге асырды.
Технологиялық модульдік құрылымдарды әзірлеу және өндіру
Avantgarde компаниясы "Atlas Copco" дизель-генераторларына арналған технологиялық модульдерді жасап шығару жобасын ойдағыдай аяқтады.
"Load Banks"-терді жасау және жеткізу жобасы.
2018 жылы Avantgarde компаниясы Tengizchevroil компаниясының тапсырысы бойынша әртүрлі қуаттылықтағы Жүктемелік модульдердің (Load Banks) сериясын әзірлеп, жасап шығарды.