Технологиялық модульдік құрылымдарды әзірлеу және өндіру

Дизель-генераторлық электр станциясы үшін контейнерлерді жеткізу.

Тапсырыс беруші - Тенгизшевройл үшін Atlas Copco

2018 жылы Avantgarde компаниясы Atlas Copco дизель генераторлары үшін қосымша жанармай шандарымен және жүктеме модульдерімен технологиялық контейнерлерді жасап шығарды және шығарды.

Осы жобада Avantgarde компаниясы жобалық құжаттаманы әзірлеуден бастап бөлшектер мен құрамдастарды өндіруге және құрастыруға дейінгі толық циклге қатысқан. Осы жобаны орындау барысында осындай модульдік жүйелерді әзірлеу және өндіру саласында ұлкен тәжірибе мен білім жинақталғанын алдын ала айта кетейік. Авангард компаниясының тікелей тапсырыс беруші - Atlas Copco тарапынан ғана емес, сонымен қатар соңғы тапсырыс беруші - Теңізшевройл өкілдері тарапынан да жабдықты сынау кезінде (FAT) де, және жабдықты пайдалану орнына орналастырудан кейін де жоғары бағаланғанын ерекше атап өткен жөн.

Жобалау және өндіру

Жобалау және өндіру

Контейнерлердің қаңқасы ішіндегі жабдық орнатылған тасымалдауға арналған тұтас дәнекерленген кеңдік құрылымнан жасалған. Кранмен көтеру үшін арнайы элементтер ескерілген.
Жылыту

Жылыту

Контейнерлер ішіндегі оң температураны ұстап тұру үшін, өндірушінің ұсынымдары және Тапсырыс берушінің техникалық талаптарына сәйкес, тех. жабдықтың қалыпты жұмысын қолдап тұратын климат бақылауы орнатылды.
Желдету

Желдету

Құрал-жабдықтың дұрыс жұмыс істеуін қолдау үшін, жарылыстан қорғалған нұсқадағы желдету жүйесі жобаланған. Жүйе желдеткіштер мен электрмеханикалық желбезектерден тұрады, және өртті анықтау жүйесі мен автоматика жүйесімен біріктірілген.
Апаттық жарықтандыру

Апаттық жарықтандыру

Негізгі және апаттық жарықтандыру жүйелері нормалар мен тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес әзірленіп, енгізілген. Жанармай шандарының бөліктеріндегі жарықшамдар жарылысқа қарсы қорғалған нұсқада жасалған және барлық нормаларға сәйкес келеді.

Айырықша ерекшелігі болып тұтас дәнекерленген ірі құрылманы жасап шығару, қауіпсіздік және қызмет көрсету бойынша арнайы талаптар, сондай-ақ контейнерлердің ішінде жабдықты бөлу табылды. Қолданылатын материалдар мен пайдаланылатын жабдық, сондай-ақ тапсырыс берушінің арнайы талаптары мен ішкі стандарттарына сәйкес пайдалану сипаттамалары ескерілді және келісілді. Халықаралық стандарттарға сәйкестік. Техникалық тапсырмаға сәйкес есептеулер, келісімдер және жобалау жұмыстары жүргізілді. Жұмыстың әр кезеңінде тапсырыс берушінің тарапынан инспекция жүргізілді.

Жобалау және өндіру жұмыстарының негізгі бөлімдері:

Металл құрылмалар

Жобалау және өндіріс. Контейнерлердің қаңқасы ішіне орнатылған жабдықпен тасымалдауға арналған тұтас дәнекерленген кеңістік құрылымынан жасалған. Кранмен көтеру үшін арнайы элементтер ескерілген. Отқа төзімді материалдармен жылу оқшаулау, генераторлар жұмыс істегенде шуды азайтатын және қосымша шуылды жұтып-сіңіретін элементтер. Қызметкерлердің қызмет көрсету және пайдалану кезіндегі қауіпсіздігі, ең алдымен бұл қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін контейнерлер ішіндегі өткелдердің ені және есік ашылымдарының өлшемдері. Қуатты және сигналды кабельдерді, техникалық сұйықтықтарды, отынды және т.б. ауыстыру үшін жөндеуіш тесіктермен, технологиялық тесіктермен жабдықталған. Әрбір жобалық шешімде, тесіктер және олардың орналасуы Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес жергілікті контейнерлердің орналасуы бойынша сыртқы коммуникацияларға қосылу үшін жүргізілді. Контейнерлердің ішкі кеңістігі жанармай шандары мен генераторлар бөліктері арасындағы ішкі қабырғалармен бөлінген. Арақабырғалар отынқұбырлары мен технологиялық кабельдерді енгізу үшін герметикалық технологиялық тесіктерден басқа ешқандай хабарлас тесіктерсіз өртке төзімді нұсқада жасалған. Бояуы Тапсырыс берушінің талабына сәйкес келеді. Жанармай шандары Тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасы мен стандарттарына сәйкес жасалған.

Жылыту. Контейнерлер ішіндегі оң температураны сақтап тұру үшін, өндірушінің ұсыныстары мен Тапсырыс берушінің техникалық талаптарына сәйкес технологиялық жабдықтың қалыпты жұмыс істеуін қолдау үшін климат бақылауы орнатылды. Бұл міндеттерді орындау үшін жарылыстан қорғалған нұсқаларды қоса алғандағы жылытқыштар және отынды беру желілерінің жылыту жүйесі пайдаланылды.

Желдету. Құрал-жабдықтың қалыпты жұмысын қолдау үшін жарылыстан қорғалған нұсқаларды қоса алғандағы желдету жүйесі есептелініп орнатылды. Желдету жүйесі желдеткіштерден және электрмеханикалық желбезектерден тұрады, және өртті анықтау жүйесімен және генераторлардың автоматикасымен біріктірілген.

Негізгі және апаттық жарықтандыру. Нормалар мен Тапсырыс берушінің тапсырмасына сәйкес жарық-техникалық есептеулер жасалып, алуан түрлі және мақсаттағы жарықтандыру аспаптарынан тұратын жарықтандыру сұлбасы үйлестіріліп монтаждалды. Жарылыстан қорғалған нұсқалардағы жанармай шандарының бөліктерінде шығу оырндарында мамандандырылған эвакуациялық жарықшамдар, ал генераторлардың бөліктерінде жоғары жұмыс температурасына арналған жарықшамдар пайдаланылған. Апаттық және эвакуациялық жарықшамдардың қоректендірілуі сыртқы электрқоректендіру жоқ болған кезде апаттық жарықтандырудың жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ететін жеке үздіксіз қоректендіру шкафтарынан жасалған.

Өртті анықтау жүйелері. Жобалау жұмыстары жүргізілді және үй-жайдың әр түрі үшін әр түрлі сезбектер мен хабарлағыштардың пайдаланылуымен, Fire&Gas жүйесі монтаждалды. Жылу сезбектері, от және түтін анықтау сезбектері, қолмен басқарылатын, дыбыстық және жарық хабарлағыштары жабдықтың толық қорғанысын қамтамасыз етті және генераторларды басқару жүйесімен, отын беру және желдету жүйелерімен біріктірілді. Жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуін және қорғанысын қамтамасыз ету үшін бірнеше электр панельдерінен тұратын электрмен жабдықтау жүйесі орнатылды.

Контейнерлердің, автоматиканың, жарықтандырудың, жылытудың, желдетудің, топтық розеткалық желісінің және т.б. ішкі электрлік тізбектерін электр қуатымен қамтамасыз ететін өз қажеттіліктеріне арналған шкафтар –. Реле қорғанысының, басқару контроллерлерінің, индикацияның және жұмыс режимдерін ауыстыруды қолданылуымен энергияны тарату және генераторларды басқару шкафтары. Заманауи жоғары сапалы құрамдастарды қолдану қиын климаттық жағдайларда пайдалану кезінде орнатылған жабдықтың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етті.

Орындалған жобалар

Барлық жобалар
Шэньчжэньдегі автожолдарды жарықтандыруды басқару жүйесі (ҚХР)
«Авангард» компаниясы Шэньчжэнь қаласындағы айналма жолды жарықтандыруды автоматтандыру жобасын аяқтады.
Бұрамалы сорғыларды басқару станцияларын әзірлеу
Avantgarde компаниясы "Schneider Electric" компаниясымен бірге бұрамалы сорғыларды басқару станцияларын әзірлеу және өндіру жобасын аяқтады.
Электрмен жабдықтау жүйесін әзірлеу және енгізу
Avantgarde компаниясы NCOC N.V. зауытындағы дизель-генератор станцияларын жаңғырту жобасын табысты жүзеге асырды.
ШҚО-дағы жарықтандыруды автоматтандыру жобасы
Avantgarde компаниясы Шығыс Қазақстан облысының Өскемен және Семей қалаларында көшелерді жарықтандыруды басқару жүйелерін автоматтандыру жобасын ойдағыдай жүзеге асырды.
"Load Banks"-терді жасау және жеткізу жобасы.
2018 жылы Avantgarde компаниясы Tengizchevroil компаниясының тапсырысы бойынша әртүрлі қуаттылықтағы Жүктемелік модульдердің (Load Banks) сериясын әзірлеп, жасап шығарды.