Электрмен жабдықтау жүйесін әзірлеу және енгізу

Электрмен жабдықтау жүйесін әзірлеу және енгізу

Avantgarde компаниясы North Caspian Operating Company N.V. (NCOC N.V.) бұрғылау шламын және мазутталған суды өңдеу зауытында жүктеменің өзгеруіне қарай бірнеше генератордың бір мезгілде синхрондалуымен автономды дизель-генераторлық электр станцияларын орнату жобасын табысты жүзеге асырды.

Жобада қуаттылығының төмендеуі мен электржабдықтың тозуы себебінен зауыттың электрмен жабдықтау жүйесін қайта құру бойынша кең ауқымды және әртүрлі жұмыстар көлемі ескерілген болатын. Жұмыстарды орындау кезінде негізгі бағыттарға келесі жұмыстар кірді:

  • ТҚ және МҚ бөлімдерін жобалау және тапсырыс берушімен үйлестіру
  • Телекоммуникациялар автоматикасын, құбырларды жылыту жүйесін, отын беру жүйесін және электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау
  • Қолданыстағы жабдықты демонтаждау бойынша жұмыстардың жоспары мен кестелерін құру
  • Уақытша электрмен жабдықтауды ұйымдастыру
  • Жабдықты жеткізу, монтаждау және пайдалануға беру
  • Қауіпсіздік техникасын сақтау және өндірістің бос тұру тәуекелдерін барынша азайту..
  • Жоба аясында келесі негізгі жұмыстар орындалды.

    Дизель-генераторларды синхрондау

    Дизель-генераторларды синхрондау

    Үдеріс бірнеше генераторларды біріктіріп жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, үздіксіз және тиімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Табысты синхрондау үшін барлық генераторлардың жиілігін және кернеуін бір деңгейде дәл ұстап тұру қажет.
    Жобалық құжаттама.

    Жобалық құжаттама.

    Жобалық құжаттаманы дайындау шын мәнінде құрылыс, инженерия немесе өндіріс саласындағы жобаларды қоса алғанда, кез келген жобаның сәтті іске асырылуының іргетасы болып табылады.
    Автоматты түрде құю

    Автоматты түрде құю

    Бұл жүйе отынды генераторларға беру үдерісін автоматтандырып, олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Отын деңгейі белгіленген шектен төмен түскен кезде, жүйе құю үдерісін автоматты түрде белсендіреді.
    Басқару және бақылау

    Басқару және бақылау

    Кәсіпорындағы автоматтандырылған үдерістер жүйелерін басқару және бақылау жүйелерін енгізу – өндірістің тиімділігін, сенімділігін және қауіпсіздігін арттырудағы негізгі қадам.

    Сондай-ақ, жобалау жұмыстары отын беру автоматтандырылған жүйесінің, деректерді беру жүйесінің әзірленуін, генераторларды орналастыруды және электрлік сұлбаларды әзірлеуді қамтыды.

    Осыған қоса, басты тарату қалқанын ауыстыру, отынды автоматты түрде құю жүйесін және өнеркәсіптік сымсыз технологиялардың пайдаланылуымен деректерді беру желісін монтаждау жүзеге асырылды. Сонымен қатар, зауыттағы автоматтандырылған үдерістерді басқару және оларға мониторинг жүргізу үшін басқару жүйесінің енгізілуін атап кеткен жөн. Ал жобаның негізгі ерекшелігі болып генераторлардың синхронды жұмыс істеуін қамтамасыз ету табылды, бұл жүктеменің өзгерістеріне сәйкес электрмен жабдықтауды тиімді басқаруға мүмкіндік берді .

    Орындалған жобалар

    Барлық жобалар
    Шэньчжэньдегі автожолдарды жарықтандыруды басқару жүйесі (ҚХР)
    «Авангард» компаниясы Шэньчжэнь қаласындағы айналма жолды жарықтандыруды автоматтандыру жобасын аяқтады.
    Бұрамалы сорғыларды басқару станцияларын әзірлеу
    Avantgarde компаниясы "Schneider Electric" компаниясымен бірге бұрамалы сорғыларды басқару станцияларын әзірлеу және өндіру жобасын аяқтады.
    ШҚО-дағы жарықтандыруды автоматтандыру жобасы
    Avantgarde компаниясы Шығыс Қазақстан облысының Өскемен және Семей қалаларында көшелерді жарықтандыруды басқару жүйелерін автоматтандыру жобасын ойдағыдай жүзеге асырды.
    Технологиялық модульдік құрылымдарды әзірлеу және өндіру
    Avantgarde компаниясы "Atlas Copco" дизель-генераторларына арналған технологиялық модульдерді жасап шығару жобасын ойдағыдай аяқтады.
    "Load Banks"-терді жасау және жеткізу жобасы.
    2018 жылы Avantgarde компаниясы Tengizchevroil компаниясының тапсырысы бойынша әртүрлі қуаттылықтағы Жүктемелік модульдердің (Load Banks) сериясын әзірлеп, жасап шығарды.