ШҚО-дағы жарықтандыруды автоматтандыру жобасы

ШҚО-да жарықтандыруды автоматтандыру жобасы

Avantgarde компаниясы Шығыс Қазақстан облысының - «Өскемен» және «Семей» қалаларында автоматтандырылған жарықтандыруды басқару жүйесін енгізу жобасын ойдағыдай аяқтады.

Бұл жоба 25000-нан астам жарықшам мен 500 жарықтандыруды басқару шкафтарын қамтыды.

Бұл шешім патенттелген
Авторлық құқық иесі - Avantgarde ЖБ ЖШС

Жобаға екі қаладағы бір диспетчерлік пунктінен жарықтандыруды басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берген «Phoenix» бағдарламалық жасақтамасының пайдаланылуымен Avantgarde зияткерлік жарықтандыруды басқару жүйесі енгізілді. Осы жобада қашықтан басқару мүмкіндігі бар диммирленетін жарық көздері орнатылған болатын. Топологияға байланысты, жарықтандыруды басқару жүйесі әртүрлі жұмыс сценарийлерін пайдаланады - кестеге сәйкес, астрономиялық күнтізбе бойынша шамдарды қосу және өшіру, сондай-ақ белгіленген кестеге сәйкес жекелеген шамдардың немесе топтардың жарықтылығын өзгерту. Сондай-ақ жүйе әрбір учаскеде тұтынылатын электр энергиясы туралы мәліметтерді алуға және АЭЖ-ге автоматты түрде ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Жобалық шешімде келесі құрамдастар мен технологиялар пайдаланылды

“Avantgarde” көше жарығының контроллерлері

“Avantgarde” көше жарығының контроллерлері

Осы жобада “Avantgarde” жарықтандыру контроллерлері үшінші тарап өндірушісінің (Everlight) жарықдиодты шамдарына біріктірілген, бұл LED шамдарының жарықтылығын өзгерте алуына және алдын ала белгіленген кесте бойынша басқарылуына мүмкіндік береді, сондай-ақ әр жарықшамның жұмысы мен күйі туралы ақпарат алуға болады.
Жарықтандыруды басқару шкафтары

Жарықтандыруды басқару шкафтары

Жарықтандыруды басқару шкафтары алдын ала белгіленген кестелер мен сценарийлерге сәйкес “Avantgarde” кіріктірілген басқарушысы бар LED жарықшамдарының уақтылы қосылуын, өшірілуін және диммирленуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ, деректерді бақылап, оларды диспетчерлік орталыққа деректерді өңдеу және талдау үшін беруді жүзеге асырады.

Жарықтандыруды басқару жүйесінің негізгі ерекшілігі болып, мысалы жаңбыр, тұман және қалың бұлттылық сияқты сыртқы ауа райы жағдайларына байланысты жарықтықты өзгерту функциясы табылады. Заманауи “Phoenix” бағдарламалық жасақтамасының механизмдері жолдардағы қауіпсіздік деңгейін едәуір арттыра алады және электр энергиясының тұтынылуын азайта алады, бұл атмосфераға шығарындылардың төмендеуіне әкеледі. “Phoenix” бағдарламалық жасақтамасының тағы бір ерекшелігі - функционалды максималды параметрлерге дейін кеңейту мүмкіндігі.

Орындалған жобалар

Барлық жобалар
Шэньчжэньдегі автожолдарды жарықтандыруды басқару жүйесі (ҚХР)
«Авангард» компаниясы Шэньчжэнь қаласындағы айналма жолды жарықтандыруды автоматтандыру жобасын аяқтады.
Бұрамалы сорғыларды басқару станцияларын әзірлеу
Avantgarde компаниясы "Schneider Electric" компаниясымен бірге бұрамалы сорғыларды басқару станцияларын әзірлеу және өндіру жобасын аяқтады.
Электрмен жабдықтау жүйесін әзірлеу және енгізу
Avantgarde компаниясы NCOC N.V. зауытындағы дизель-генератор станцияларын жаңғырту жобасын табысты жүзеге асырды.
Технологиялық модульдік құрылымдарды әзірлеу және өндіру
Avantgarde компаниясы "Atlas Copco" дизель-генераторларына арналған технологиялық модульдерді жасап шығару жобасын ойдағыдай аяқтады.
"Load Banks"-терді жасау және жеткізу жобасы.
2018 жылы Avantgarde компаниясы Tengizchevroil компаниясының тапсырысы бойынша әртүрлі қуаттылықтағы Жүктемелік модульдердің (Load Banks) сериясын әзірлеп, жасап шығарды.