2018 жылы Avantgarde компаниясы Tengizchevroil кәсіпорнындағы дизель-генераторлық қондырғыларды қосымша жүктеуге, тестілеуге және оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған әр түрлі қуаттағы Жүктемелік модульдердің (Load Banks) сериясын әзірлеп, жасап шығарды. Бұл модульдер қашықтан басқару және бақылау мүмкіндігімен автоматты және қолмен басқару режимдерінде жұмыс істей алады.
Жүктемелік модульдер энергетикалық жүйелерді тестілеу және тексеру үдерістерінде маңызды роль атқарады. Олар өнеркәсіптік және коммерциялық құрылғылар тұтынатын ұқсас электрлік жүктемені жаңадан жасай алады, бұл сынақтар жағдайларының шынайылығын қамтамасыз етеді. Мұндай тексеру оларды өнеркәсіптің жауапты және маңызды салаларда пайдаланбай тұрып, жүйелердің пайдаланылу алдындағы ықтимал кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жүктемелік модульдер қолмен және автоматты түрде жұмыс істей алады.
Қолмен басқару режимі - әртүрлі нұсқалардағы қуатты жинақтау/түсіру сатыларының (1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100кВт) кез келген құрамдастырымын таңдауға жағдай туғызады.
Автоматты түрде режимі - генератор қуатының 30% - дан аз жүктеме төмендеген кезде іске қосылады, сатылардың саны мен жүктеме қуаты автоматты түрде таңдалады. Шек мәні, сондай-ақ автоматты режимде қосымша жүктеме қуаты - өзгермелі шама және Пайдаланушының техникалық тапсырмасына сәйкес іске қосу кезінде реттеледі.
Avantgarde компаниясы қуаттылығы 200 - 2000 КВт аралығында болатын жүктемелік модульдерді әзірлеп өндіреді.
Жүктемелік модульдер клиент беретін бірегей сипаттізімдерге сәйкес әр түрлі кернеу және шығыс қуаты деңгейлерінде жұмыс істеу үшін бейімделуі мүмкін. Олар энергия жүйелерінің сапасы мен сенімділігін арттыруға зор үлес қосады, бұл өнеркәсіптік және коммерциялық салаларда жоғары дәрежедегі мәнге ие. Электр қуатын берудегі жаңылыстар өндірістің тоқтауына, қаржылық залалға әкелуі және қауіпсіздікке қатерлерді төндіруі мүмкін, демек жабдықты жан-жақты тестілеу және дұрыс пайдалану жүйелер тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін өте маңызды.
Жүктемелік модульді жобалаған кезде көптеген талаптарды, шарттарды және нюанстарды ескеру қажет, сондықтан жүктемелік модуль әрқашан тапсырыс бойынша жасалады. Алдын ала есептеу үшін сауалнама парағын толтыру қажет.